Қазақ
Ғарыштық сәулелер дегеніміз не?
Біз аспанға қараған кезде, жарық объектілерді көреміз: Күн, планеталар, жұлдыздар, бұлттылық… Бұлардың барлығы жарық, электромагниттік толқындар. Арнайы телескоптардың көмегімен де, адам көзі көрмейтін, электромагниттік толқындарды таба аламыз, мысалы: инфрақызыл немесе ультрокүлгін сәулелер, радиотолқындар, рентген сәулелері.
20 ғасырдың басынан білетініміз, Жер шарына тек қана осындайдай толқындар келіп қана қоймай, жоғары энергиялы бөлшектер олар : протон, ион, электрондардың (олардың ұшу жылдамдығы жарық жылдамдығына жақын), атқылауларына тап болады. Бұл бөлшектер - ғарыштық сәулелер д. а., және олар бізге Әлем дүниесінің тарихын баяндайды, ал біз болсақ оны тек қана жарықтан білер едік.
Ғарыштық сәулелер Әлем дүниесін оқып үйренудің негізгі құралы. Сондай-ақ Жерге міндетті түрде әсер етеді. Біз бұл бөлшектерге ғылыми қадағалаулар жүргізгіміз келеді. Себебі олардың шығу тегін түсіну қажет. Оларды күн қозуларының индикаторы ретіңде пайдаланып, адамдар мен технологияларға әсерін оқып үйрену қажет.
Олар қайдан келді?
Ғарыштық сәулелер Әлемнің әр түрлі орындарынан, сол орында қандайда бір жарылыс болғанда [ жаңа жұлдыздар үстінен), белсенді Ғаламдардан, сондай-ақ Күннен келеді.
Ғаламдық ғарыштық сәулелер үнемі ұшып келіп жатады , олардың қарқындылығы Күннің әсерінен коррекцияланада. Күнде үдетілген бөлшектер, күннің ғарыштық сәулелері , кездейсоқ бірегей мінезді болады. Олар жеке жағдайда, әлбетте бөлшектер ағымы ретінде басқа бір Әлем дүниесінен де келуі мүмкін.
Біз оларды қалай бақылай аламыз?
Ғарыштық сәулелер бірден Жерге түспейді, олар атмосфераның жоғарғы қабатында атомдармен соқтығысады. Бұл көптеген екінші ретті протон, нейтрон, электрон мен мюондарды туғызады. Негізгі бөлшектің жылдамдығы 200 000 км/с жуық болса, бұл деген жарық жылдамдығының үштен екі бөлігі. Екінші ретті нуклондар бір шамасы, мюондар және басқа да бөлшектерді, Жердегі бөлшектер санаушысының көмегімен магнит полюстерінің жанынан табуға болады.
Жердің магнит өрісі ол да бір фильтр, бірақ ол Жердің магнит полюстеріне ешқандай әсерін тигізбейді. Олар неғұрлым экваторға жақын келсе, соғұрлым тезірек бастапқы зарядталған бөлшектер магнит өрісі арқылы өткізе алады. Бөлшектер санауышы Жердің кез келген аймақтарына орналастырылған, сондықтан ғарыштық сәулелерді өлшеуде, әртүрлі минимал жылдамдықтарға тап боламыз. Олар ғарыштық сәулелердің энергетикалық спектрін көрсетеді.
Нейтронды монитор дегеніміз не?
Тіркелетін бөлшектер саның көбейту мақсатында, нейтронды мониторлар санауышы қорғасынмен қоршалады. Онда екінші ретті нуклон мен кейбір мюондар болашақта жаңа нейтрондар туғызады. Нейтронды монитор нейтрондарды санайды, қорытынды нәтижесінде атмосфераның жоғарғы қабатында ғарыштық сәулелердің ағымын анықтау үшін қажет.
Нейтронды мониторлар 1950 жылдан бері қолданылады және осы күнге дейін, олар қазіргі заманға сай, күннен келетін ғарыштық сәулелер ағымын өлшейтін аспап. Олар Әлемнің басқа да орындарынан келетін төмен энергетикалық параметрлерді өлшейтін бірден-бір аспап.
Ғарыштық сәулелер несімен қызықтырады?
Ғарыштық сәулелер Әлем дүниесінің дамуының хабарын тасушы ретінде үлкен роль атқарады. Біздің білгіміз келетіні: қандай жағдайда және қалай зарядталған бөлшектер жоғарғы энергия мен жоғарғы жылдамдыққа дейін үдетілетіндігі.
Жерге түсетін ғарыштық сәулелер, планеталар аралық ұйтқуларды бақылау үшін (мониторинг) пайдаланылуы мүмкін. Көп жылдық бақылаулар мынаны көрсетеді: Ғаламдық ғарыштық сәулелердің қарқындылығы гелиосфераның магнит өрісімен коррекцияланатындығын (реттелетіндігін), Күнде дақтар көп болғанда, гелиосферадағы магнит өрісі күшейетіндігін, сонда Жердегі Ғаламдық ғарыштық сәулелердің қарқындылығы бәсендейтіндігін. Күнде дақтар жоқ болған кезде, экрандалу әлсіз болады, сондықтар көптеген ғарыштық сәулелер Жерге келіп жетеді. Күн лап еткенде кезде, магнит өрісі гелиосфераға ығысып шығады, сонда жылдам қарқынды тербелістер пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ ғарыштық сәулелер Жерге [әсер етуі](05 мүмкін). Соның ішінде Жердің атмосферасына әсер етеді: олар атмосфераның атомдарымен соқтығысқанда екінші ретті бөлшектер тудырады, және атмосфера атомдарын иондайды. Жылдам зарядталған бөлшектер сәулелену көздері және рентген сәулесі болып табылады. Ережеге сәйкес олардың Жерге әсері аз, бірақ әуеде азаматтарды тасымалдау экипаждары атмосферамен әлсіз қорғалғандықтан, олар бақылауда болуы керек. Нейтронды мониторлар өлшемі (көрсеткіші) негізгі нәтижелерді қамтамасыз етеді.